Жаңалықтар
«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Акцияның басталуы 2025 жылдың 1 тамыздан бастап, аяқталуы - 2025 жылдың 30 қыркүйегінде деп жоспарлануда.
Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақытыңыздың тығыздығына қарамастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондықтан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды?
Сұхбатты көру үшін "Egemen Qazaqstan" сайтына өтіңіз
3 қарашада № 1 Катар жалпы білім беретін мектебінде стандартты емес нысанда әдістемелік бірлестіктердің отырыстары өтті. Жапон стиліндегі шай рәсімінде биология, химия және география мұғалімдері сабақта заманауи әдістерді қолдануды талқылады. Жалпы шаңырақ астында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің "педагогикалық идеялар керуені" өтті. Әдістемелік диалог барысында Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері тарих пәні мұғалімдеріне гуманитарлық бағыттағы сабақтарда ойлау процесін шығармашылық іске асырудың бір түрі ретінде эссе тақырыбында мастер-класс өткізді. Шығармашылық идеялардың калейдоскопын, педагогикалық пікірталастарды, әдістемелік жиындарды, педагогикалық консилиум – пәндік ӘБ отырыстарының нысандарын мұғалімдер де өткізді. Мереке күндері мектеп мұғалімдерінің әдістемелік күні жемісті өтті!
Сайлау учаскелері сайлаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында және жергілікті және өзге де жағдайларды ескере отырып құрылады.
Сайлау учаскелері мынадай шарттар ескеріле отырып құрылады
1) әрбір сайлау учаскесінде үш мыңнан аспайтын сайлаушы;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктерде әкімшілік-аумақтық құрылымның шекараларын сақтау.
Әскери бөлімдерде, ҚР-ға тиесілі және сайлау күні жүзіп жүрген кемелерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде, шалғай және жету қиын аудандарда азаматтар орналасқан жерлерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында тиісінше, олардың орналасқан жері, кеменің тіркелген порты немесе орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін сайлау учаскелері құрылады.


















