Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысы негізінде және көрсетілген бұйрықпен бекітілген коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңінде жалпы білім беретін  ұйымдарында оқу жүйесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар негізінде 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сыныптарында балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас оқытуға рұқсат етіледі.

Қашықтықтан оқытуға шығарылатын оқыту пәндері білім беру ұйымымен дербес анықталады. Оқу үшін тұрақты түрде негізгі пәндерді, қашықтықтан оқытуға арналған пәндер - «Музыка», «Көркем еңбек» пәндерін шығару ұсынылады.

9, 11 сынып оқушылары аралас оқуды жалғастырады.

Білімдегі жоғалтуларды қалпына келтіру үшін топтарда 15 оқушыға дейін жеке консультациялар өткізуге рұқсат етіледі.

Балалардың жанында жеке қорғаныс құралдары болуы керек: маска, дезинфекциялаушы құрал және су бөтелкесі.

Егер білім беру ұйымының белгілі бір сыныбында ауру анықталса, сыныпқа карантин белгіленеді, ал сыныптағы барлық оқушылар қашықтықтан оқуға ауыстырылады.

Ерекше жағдайларда (аурулар, науқастармен байланыс) оқушылар ата-анасының/заңды өкілінің өтініші бойынша қашықтықтан оқытуды жалғастырады.

Аралас оқыту форматы кезінде міндетті мектеп формасын сақтау талап етілмейді. Оқушыларға сабаққа ыңғайлы және ұқыпты киіммен қатысу рұқсат етіледі.

1