Педагогтерді аттестаттау-бұл педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады). Бұл портфолио жинау және ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындық бойынша үлкен дайындықты талап ететін педагогтар үшін әрқашан күрделі және толқынысты кезең. Қашар №1 жалпы білім беретін мектебінде педагогтарды аттестаттау рәсіміне даярлаудың жаңа кезеңі басталды. Дөңгелек үстел басында директор орынбасары С. Н.Анацкая мұғалімдерге аттестаттау ережелері туралы тағы да еске салды. Педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, осы рәсімге дайындық процессін талқылай алды.